Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін тағайындалған мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемін 6,5 пайызға ұлғайтылсын», делінген құжатта.
Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.
Фото: Ашық дереккөз
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 