2020 жыл – Абай Құнанбайұлы жылы

Данышпанымыздың дара тұлғасын біз ғана емес, бүкіл түркі халықтары көкке көтеріп отыр.

Өткен 2019 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Міне, сол уақыттан бастап қазақтың бас ақынының мерейлі жасын өз деңгейінде мерекелеу шараларына қызу дайындық басталып та кеткен-ді. Данышпанымыздың дара тұлғасын біз ғана емес, бүкіл түркі халықтары көкке көтеріп отыр. Соның куәсіндей «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы «2020 жылды - Қазақтың көрнекті ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы жылы» деп жариялады.

Бұл шешім өткен жылғы 30 қарашада Қырғызстанның Ош қаласында өткен осы ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 37-отырысында қабылданды. Соған сәйкес үстіміздегі жылы «ТҮРКСОЙ» аясында көптеген мәдени іс-шаралар қолға алынбақшы. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бастама көтеріп, жыл басында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жария етуі ұлт мүддесін өркениеттің озық тұстарымен үйлестіруге ұмтылған қазақ еліне ұлы тұлғаны жаңа қырынан танып, ұлықтауға тың серпін бергендей болды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT