2000-нан астам мемлекеттік қызметші сенбілікке шықты

Санитарлық тазалау жұмыстары қаланың төрт нүктесінде жүргізілді. «Бипэк авто» ғимараты маңын облыстық әкімдік қызметкерлері, Химиктер поселкесінде департаменттер, Элеваторныйды құқық қорғау органдары және Бірлік ықшамауданы маңын қалалық әкімдік және аудандарды жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қоқыстан тазартты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сенбілік аясында 30 тонна қоқыс жиналып, «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің арнайы қоқыс полигонына төгілді. Жұмысқа 2000 мемлекеттік қызметші мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Санитарлық тазалау жұмыстары апта сайын ұйымдастырылады.

Анықтама үшін: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген сенбіліктерге барлығы 27 мыңнан астам адам қатысып, 466 техниканың күшімен 607 тонна қоқыс полигонына шығарылды.

Акция өңір экологиясын жақсартуға және тұрғындарды қоршаған орта мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT