№2 автобус маршруты ұзарды

Аудан әкімімен қала тұрғындарының кездесуі кезінде «Достық» ықшамауданы тұрғындары №3 маршрут бағытындағы жолаушылар тасымал автобусы жүрмей қалғаны айтылды.

Бұл маршруттың тиімсіздігі ескеріліп, оның орнына №2 маршрут бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустың маршрутына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс айтылған болатын. Тұрғындардың ұсынысы ескерусіз қалмай, аталған автобус маршруты ұзартылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар Ысмағұлдың берген мәліметі бойынша, «Теңізавтокөлік» ЖШС-на қарасты бұл автобус маршруты 1 желтоқсаннан бастап өзгерген. Қазіргі кезде аталған маршрутқа Н.Арқабаев, И.Тайманов, Ө.Алдахов көшелері қосылып, 2 шақырымға ұзартылып отыр.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз