18-ге енді толған Асылжан өз таңдауын жасады

 

Ауданымыздағы ең жас дауыс беруші рекорды жаңарды. Ол - №16 Д.Жазықбаев атындағы білім ордасында орналасқан №101 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасаған Асылжан Мизамбай. Он сегіз жасқа толғанына бар жоғы бір айдан уақыт өткен дауыс беруші Асылжан Орынбайұлы:

-Алғашқы дауыс беруім. Атмосфера бөлек, көңілім көтеріңкі. Жеке тұлға ретінде өз таңдауыңды жасау, шынымен, басқаша әсер сыйлайды екен. Алдағы уақытта сайлау науқанынан қалмайтын боламын. Және барлық құрбы-құрдастарымды референдумға қатысуға шақырамын,-деді өз сөзінде.

Қазіргі таңда «Лидер» супермаркетінде қызмет етіп жүрген Асылжан Мизамбай осы №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің түлегі. Жастарымыз осылай білім мен ғылымды игеріп, ел тағдыры сынға түскен сәтте белсенді болса, тәуелсіздігіміздің де тұғыры биік болмақ.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT