15 кәсіпкер айыппұл арқалады

Жұмысшы топтар төтенше жағдай кезіндегі шектеу талабының сақталуына рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнафис Айшуақованың хабарлауынша, аудан әкімінің өкімімен құрылған мобильді топ мүшелері Құлсары қаласы, Теңіз кен орнындағы мекеме мен олардың басшыларына, барлығы 330 нысанға хабарлама таратты.

Аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен енгізілген шектеу шаралары басталғалы көтерме сауда нүктелері, қоғамдық тамақтану орындары, тамақ өнеркәсібі нысандары, орталық базарда, супермаркеттерде қызметкерлер бірреттік бетпердемен, бір рет қолданылатын қолғаптармен жұмыс атқарып, залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жылжымалы көлікпен дауыс зорайтқыш құралдары арқылы тұрғындарға хабарлама таратылуда.

Теңіз вахташылар қалашығындағы қоғамдық тамақтану орындарындағы асханаларда, дайын тамақ үлестіру орындарында, азық-түлік сауда нысандарында профилактикалық және алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасын тауып, әр нысандарда қорғаныш, залалсыздандыру құралдары орнатылып, тасымалдаушы автокөліктерге де дезинфекция жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр. Дәл осы тектес жұмыстар кент және ауылдық округтерде де атқарылуда.

Жұмысшы топтар төтенше жағдай кезіндегі шектеу талабының сақталуына рейдтік шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, шектеулерді орындамаған 15 кәсіпкердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сот айыппұл салды.

-Сақтық шараларын халыққа түсіндіру мақсатында Құлсары қаласында орнатылған ЛЭД экрандарда бейнероликтер жүргізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (инстаграмм, фейсбук, телеграмм) ресми парақшаларына жадынамаларды жариялап, ауданның мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің сұхбатын телеэфирде көрсетілуін қамтамасыз еттік. Жылжымалы көлікпен дауыс зорайтқыш құралдары арқылы тұрғындарға хабар таратудамыз, - дейді Г.Айшуақова.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521