144 отбасына – тегін азық-түлік кәрзіңкесі

«Ынтымақ» Жылыой ауданында «Азық-түлік кәрзіңкесін тарату» акциясын өткізді.

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды қолға алды.

Сөйтіп Жылыой ауданында «Азық-түлік кәрзіңкесін тарату» акциясын өткізді. Бұл акцияға Жылыой ауданының 6 округінің тұрғындары мен Құлсары қаласындағы 54 отбасы, жалпы саны 144 жанұя қатысып, олардың барлығы да азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Осы қайырымдылық шарасын ұйымдастыру барысында «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы «Теңізшевройл» компаниясының өкілі Ғалия Малашқызына, Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Нұржарық Сауытовқа және көлік жағынан көмектескен қаламыздың еріктілеріне ерекше алғысын білдірді.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз