14 мыңның үстінде жылыойлық жер кезегінде тұр

Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғындарға 1452 учаске беріледі. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Атырау облысында жеке тұрғын үй салу үшін 138 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Оның көпшілігі - Атырау қаласының тұрғындары. Ал аудандар бойынша барлығы 31331 адам жер кезегінде. Индерде – 5978, Мақат ауданында - 1294, Махамбетте – 4217, Жылыойда – 14041, Исатайда – 459, Қызылқоғада - 2877, Құрманғазыда - 2465.

-Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 138 мыңнан асты. Оның ішінде 106707 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биылғы жыл басынан бері 2006 жылдары кезекке тұрғандарға облыс орталығына таяу маңдағы Атырау, Дамбы, Зарослый елді мекендерінен 54 жер телімі берілген. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғындарға 1452 учаске беріледі деп күтілуде,- деді Ә.Ермекқали.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз