137 мүгедек жан шипажайда ем алды

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің берген мәліметі бойынша, ауданымызда барлығы 2132 мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Оның ішінде I топ мүгедектері - 135, II топ мүгедектері - 712, III топ мүгедектері - 850, ал бала жастан мүгедек - 435.

-Ауданда «Әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» құрылып, қазіргі таңда орталықта 84 мүмкіндігі шектеулі балаға 11 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Олар үшін түрлі мәдени және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, дефектолог маманы консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекция бойынша көптеген жұмыстар жүргізіп, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал етеді.

Орталықта еңбек және бос уақытын ұйымдастыру, дене шынықтыру бөлмелері бар. Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында әртүрлі жұмыстар ұйымдастырылуда, оның ішінде жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, ұсақ моторикасын дамыту мақсатында әртүрлі саусақ ойындары, мозайка, пазл құрастыру жұмыстары жүргізіледі,-дейді бөлім мамандары. Сонымен қатар 44 қартқа қызмет көрсетіліп отыр. 2019 жылы гигиеналық және көмекші техникалық құралдармен қамтамасыз етуге - 1241, оның ішінде 44-і кресло-арбаға, 173-і протез бұйымдарға, 318-і сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарға өтініш түскен. Жеке көмекшіге және есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілінің маманына 163 сұраныс түсіп, оның ішінде 136-ы жеке көмекші қызметімен қамтылып отыр. Шипажайға 502, оңалту орталығына 204 өтініш қабылданып, 137 мүгедек шипажайда ем алып келген. Ал 62 мүгедек оңалту орталығында ем алған.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика