Аудандағы барлық дауыс беру учаскелері республикалық референдумға қызу дайындық үстінде. Өңірде жалпы 24 учаске бар. Соның ішінде №7 Е.Халықов атындағы орта мектепте орналасқан №237 дауыс беру учаскесі де референдумға сақадай сай. Бұл жөнінде референдум комиссиясының төрайымы Тоғжан Найзабекова хабарлады:
-Референдумға дайынбыз. №237 учаске бойынша 2000-ға жуық қала тұрғыны өз дауысын береді деп жоспарлануда. Оның 25-і 18 жасқа енді толған қала жастары. Ал 236-ы зейнеткерлер. Сонымен қатар, 12 азаматымыз денсаулығына байланысты үйінен дауыс береді. Дауыс беру құқығы бар жерлестерім еліміз үшін маңызды оқиғадан тыс қалмай қазанның 6-сы күні таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін өз таңдауын жасайды деп сенемін, -дейді ол.
Диана Ізбасарқызы