100 мың теңгеден сый

Бұл - Сингапур Республикасының «Мадот ойл» компаниясының қолдауы

Жақында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде қайырымдылық шарасы өтті. Оған ауданымыздағы тұрмысы төмен отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар шақырылды. Шараны аталған бөлім басшысы Нұржарық Сауытов ашып, алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашевқа берді. Ол баршаны алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, денсаулық тіледі. Қайырымдылық шарасына қолдау көрсетіп жатқан Сингапур Республикасының «Мадот ойл» ЖШС өкілдері аталған санаттағы 10 отбасына 100 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті.

100myn1

Компанияның бас директорының орынбасары Нұрсұлтан Калкуловтың айтуынша, қазіргі кезде компания ауданымызда мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарымен айналысып жатқан көрінеді. Алдағы уақытта мұнайды өндірумен айналысып, табыс тапқан кезде жергілікті тұрғындардың мәселесін шешу үшін қолдау көрсетуді қарастыратындарын айтты. Шараға компанияның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Думан Уахит пен компанияның жалпы басқару департаментінің директоры Ержан Мурсалим қатысып, баршаны мерекемен құттықтап, жақсы тілектерін айтты.

100myn

Сонымен қатар шараны ұйымдастырушылар 1-топ мүгедегі Бекболат Түсекеевтің үйінде болды. Қазіргі уақыттағы жағдайымен танысып, қаржылай сыйлық табыс етті. Мереке қарсаңында қолдау алған тұрғындар шараны ұйымдастырушылар мен демеуші компания басшылығына ризашылығын білдірді.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521