Бұл жолғы көмектің басты демеушісі «Лидер» сауда орталығы болды
Әлеуметтік көмек көрсетудің жеке бағдарламасы аясында аудандық пробация қызметі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, АХАЖ бөлімімен бірлесіп көптеген жұмыстарды қолға алып келеді. Сондай бір игі бастаманың бірі наурыз айында жүзеге асты. Сол күні пробация қызметінің инспекторлары әлеуметтік сала қызметкерлерімен бірлесіп бағдарлама бойынша тиесілі көпбалалы және қамқорлыққа мұқтаж жағдайы төмен 10-ға жуық отбасына көмек қолын созды.
Дәлірек айтқанда, оларды азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету мақсатында 10 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Соның арқасында олар «Лидер» сауда орталығына барып, осыншама қаржыға қалаған тамақ түрлерін алуға мүмкіндік алды.
-Іс-шараның мақсаты: біржолғы көмекке мұқтаж жандарға қол үшын созып, жәрдемдесу. Бұл жолғы көмектің басты демеушісі «Лидер» сауда орталығы болды,-дейді аудандық пробация қызметі бөлімінің ювеналды әділет тобының инспекторы, Әділет лейтенанты О.Сариева.
Е.Бисекенұлы