Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарап, заңнама аясында бұзушылықтарды жою бағытында жедел іс-шаралар қабылдауда.
Әрине, департамент мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүзеге асыру үшін осындай арыз-шағымдарды қараумен шектеліп ғана қоймайды. Мониторинг, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар атқарды. Осы тұста айта кетер жайт, нақты жұмыстардың нәтижесінде 180 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалып, оның ішінде 70 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң заңнамасымен кепілдік берілген төлемдеріне, яғни тиісті мемлекеттік қызметшілердің қызметтеріне бағалау жүргізілді. Нәтижесінде 2,5 миллион теңге бонус берілген, 109 926 теңге іссапар шығындары төленсе, 1,7 миллион теңгеден астам төрт орташа айлық жалақы мөлшеріндегі жұмыстан шығу жәрдемақылары өтелген. Сол секілді негізсіз үстеме жұмысқа тартылғаны үшін қызметкерлерге заңнамада көзделген 1,4 миллион теңгеден астам төлемақылар өтелді. Жүктеме жұмыс жасап отырған қызметкерге ақысының 20 пайызы көлемінде үстемақы белгіленіп, еңбекақысының айырмасы жүргізілді. Сондай-ақ, департаментпен мемлекеттік қызметшілерді заңсыз артық жұмысқа тарту деректерінің алдын алу және болдырмау мақсатындағы тұрақты шаралар жүргізіледі. Нәтижесінде 74 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері мен сағаттары беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департаменттің баспасөз қызметі