Жас ғалымдармен өткен кездесу

ken-zhyloi.kz

Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жас техниктер станциясында жас ғалымдармен кездесу өтті.

"Ақылды ұрпақ жобасы аясында ауданымыздың жас өнертапқыштарымен мектеп оқушылары кездесіп, робототехниканың қыр-сырымен танысты.

Іс-шараны «Жас техниктер станциясының» робототехника үйірмесінің жетекшісі Шалабаев Қуаныш жүргізді. Қуаныш шәкірті Урынбасаров Жанатбектің NASA ғалымдарының тәжірибесін қолданып, MINDSTORMS EV3 жиынтығымен марсты зерттеуге арналған роботтық техника жасау мақсатында жасалған «Марсты ғылыми зерттейтін өзі басқарылатын ровер құрастыру» жобасын таныстырды.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларына «Mars Rower Driver» үстел ойынын ұйымдастырып, белсенді қатысушыларға өзінің кітап қорынан оқулық сыйға тартты. Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз