ССЕР компаниясында мерекелік кеш өтті

«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» компаниясы (бұдан әрі қарай ССЕР компаниясы) санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кезекті мерекелік шарасын өткізді.

Шараға ССЕР компаниясының жоба директоры Николас Стюарт және кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Мүсепов қатысып, әріптестеріне құттықтау лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, жоба басшысы компанияның бір топ әріптестерін мерекелік алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтарын ұсынды.  

Шара барысында компания қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» толуына арналған деректі фильм көрсетілді.

Мерекелік шара компания қызметкерлерінен құрылған өнерпаздары сапаны бақылау инженері А.Есбергенова, компьютер операторы А.Қорықов және жүк ілу маманы Н.Саламатов өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

Шараға қатысушылар мен марапатталған қызметкерлер ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осындай шаралар алдағы уақытта да мекеме тарапынан ұйымдастырылатын болады.    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521