МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рудолф Гиклді қабылдады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен инвестиция тарту мәселелері талқыланды.


Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау өңірінің Чех Республикасымен экономикалық байланыстар дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың он айында облыстың аталған елмен сауда айналымы 12,8 млн. АҚШ долларын құраған.


Өңір басшысы сондай-ақ Атырау экономикасы шетелдік инвестицияларды тартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға дайын екенін, инвесторларға барлық қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Чехия өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет екеніне тоқталып, осы бағытта екі жақты қарым-қатынасты күшейтудің мүмкіндігі зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Атырау экономикасының мол мүмкіндігімен, соның ішінде «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» еркін экономикалық аймағының инвестициялық әлеуетімен таныстырып, чех инвесторларын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.


Өз кезегінде, Төтенше және Өкілетті елші Рудолф Гикл арадағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін, чехиялық бизнес өкілдерінің облыстың бірқатар саласында жұмыс жасауға қызығушылық танытатыны жеткізді.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT