Өңірде 493 жаңа жұмыс орны ашылады

Жұмыспен қамту 2021 жол картасы: Атырауда 7 инфрақұрылымдық жоба белгіленді

Белгіленген жобалар бойынша 493 жаңа жұмыс орны ашылады. Онда 221 атыраулық тұрақты жұмыспен қамтылса, қалған 272-сі құрылыс кезеңіндегі еңбекке араласады деп күтілуде, – деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күні бүгінде 6 жобаның құрылысы басталып, 133 адам жұмыспен қамтылды.

"Аталған жоба бойынша Атыраудағы Балауса ықшам ауданынан 600 орындық мектеп құрылыс жұмыстары басталады. Осыған байланысты жобаға қажетті мамандар бойынша сұраныс Жұмыспен қамту орталығына жолданып, іріктеу жұмыстары жүргізілуде" делінген Атырау облысы жұмыспен қамту басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген қаржының 34,7 %-ы игерілген.

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT