banner_damu

Атыраулық параспортшылар Қазақстан чемпионатынан 19 алтын, 20 күміс, 6 қола жеңіп алды

«Нұр-Сұлтан қаласында параспортшылар арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында атыраулық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетуде» деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Паракаратэден Атырау спортшылары командалық есепте 2 орынға табан тіреп,​ 2 алтын, 1 қола иемденді. Паратаеквондодан 3 алтын, 2 күміс иемденген Атырау спортшылары командалық есепте ​ 1 орынға табан тіреді. ​ Дзюдодан қанжығамызда 2 алтын, 2 күміс медаль бар. Осылайша, атыраулық парадзюдошылар командалық есепте 3 орын иемденді.

«Жеңіл атлетикадан атыраулық спортшылар 7 алтын, 14 күміс, 3 қола, ​ паражүзуден 5 алтын, 1 күміс, 2 қола иемденді. Шахматтан 1 күміс медаль Атырау спортшысының қанжығасында.Қазіргі уақытта,​ параволейбол, паратеннис, параголбол түрлерінен жарыс жалғасуда. Және алдағы күндері атыраулық спортшылар пауэрлифтингтен де бақ сынасады. ​ Қазақстан чемпионатынан үздік шыққан спортшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады» делінген Атырау облысы спорт басқармасы таратқан мәліметте. ​

Еске сала кетелік, 21 қыркүйекте басталған параспортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты 5 қазанда аяқталады. Қазақстан чемпионатына Атыраудан 79 параспортшы қатысуда.

w

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика