Атырауда белгілі журналист Жанай Амантурлиннің «Алагөбең» кітабының таныстырылымы өтті

«Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Атырау облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлиннің «Алагөбең» атты кітабы жарық көрді. Кітаптың таныстырылымы «Атырау – Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз-клубында өтті» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Очерктер, жолсапар жазбалары, шағын прозалық әңгімелер, хикаяттар, тарихи ​ шежірелер жинақталған еңбек қалың оқырманға арналған. Кітап оқырманның танымын молайта түседі» деп атап өтті «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов.

Журналист Сүйеу Халықов кітаптың өлкетану бағытында үлкен маңызы, өзіндік орны бар екендігін айтты. «Еңбекте жер-су атаулары, өсімдіктер​ туралы да бірқатар мәліметтер жинақталған. Оқырман жердің табиғатын тереңірек тану арқылы, жердің тарихын тану мүмкіндігіне ие. Шағырай батыр мен Орақ әулие туралы жазбалардан ел мен жер үшін соғысқа қатысып, ата-баба аманатына адал болған ​ Кіші жүздің ​ даңқты тұлғалары туралы тың ​ деректермен танысуға болады» дейді кітапқа шолу жасаған журналист Сүйеу Халықов.

​ «Алагөбең» кітабы екі бөлімнен тұрады. Орал қаласының «Шұғыла Принт» баспасынан шыққан еңбек ​ журналистік ​ жолымдағы шығармашылығымды топтастырған алғашқы кітап. Кітаптың жүгі терең деген ұғым бар. Осы еңбек арқылы, оқырманға рухани нәр, тың мағлұматтар беруге тырыстым» дейді еңбек авторы Жанай Амантурлин.

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ​ және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Нәсіпқали Сейітов алғысөзін жазған кітаптың тұсаукесер рәсімі жақын күндері Индер ауданында өтеді.

whatsapp-image-2021-11-26-at-10_59_28

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT