Атырауға жыл басынан бері 179 этникалық қазақ отбасы көшіп келген

Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық Жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше 179 отбасыны құрайтын 254 этникалық қазақ елге оралған. Өзбекстан Республикасынан 232 адам, Қытай Халық Республикасынан 19 және Ресей Федерациясынан 3 адам көшіп келген. Олар облыс орталығына және Исатай мен Жылыой, Мақат аудандарына қоныстанған.
- Елге оралған қандастардың 180-і еңбекке қабілетті жаста. 35-і мектепке дейінгі балалар. Ал, мектеп жасындағы балалар саны 33 және 6 зейнеткер бар – деліген басқарманың баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін бұрын берілген оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту туралы 37 адамға шешім қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз