Тергеу изоляторында Абайдың мерейтойына орай байқау өтті

28 қазан күні Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай шығармашылық байқау өтті.

Тергеу изоляторына шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған қатысқан шараға мекеме қызметкерлерінен бөлек, «Шапағат» Қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

- Ұлы Абайдың өлеңдері арқылы сотталған азаматтардың бойына көптеген жақсы қасиеттерді сіңіріп, олардың тезірек түзелуіне жол ашамыз. Өйткені, Абайдың әр өлеңі адам бойындағы игі қасиеттерді дәріптейді, - дейді УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Эльвира Сауғабаева.

Екі бөлімнен тұрған шараның алғашқы бөлімінде сотталған азаматтар Абайдың өлеңдерінен үзінді оқыса, екінші бөлімінде Абайдың өмірі туралы сұрақтарға жауап берді.

- Абайдың өлеңдерін соңғы рет мектепте оқып едім. Бүгін сол оқығандарымды қайтадан есіме түсіруге тура келді. Енді осы шарадан кейін Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын оқитын боламын, - дейді сотталған Нұрлан.

Шара соңында жеңімпаздар алғыс хатпен және тұрмыстық техникалармен, кітаптармен марапатталды. Тергеу изоляторы басшылығы осындай тәрбиелік маңызы бар шараларды жиі өткізіп тұратындығын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521