Сотталған қызын құттықтап, мекеме қызметкерлеріне алғыс айтты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесінің қызметкерлері «Жусан» операциясымен елге оралған азаматшаның 3 жасар қызын туған күнімен құттықтауға көмектесті.

Қызы анасының өзге елде жұмыста жүр деп ойлап, тезірек үйге келуін өтініп, ноутбукты құшақтап жылағаны мекеме қызметкерлерінің жүрегін елжіретті. Анасы қызын құттықтағаннан кейін, ноутбуктен қызының мерекелік тортын үрледі.

- Азаматша қызын туған күнімен бейнебайланыс арқылы құттықтады. Сол кезде қызы анасынан қыстық киім мен түрлі тәттілер сыйлауын сұрады. Осыдан кейін мекеме қызметкерлері «Шапағат» қоғамдық қорының теологтарымен бірлесіп, сотталғанның қызына сыйлықтар сатып алып, анасының атынан үйіне апарып берді,- дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Әсерлі құттықтау ұйымдастырған мекеме қызметкерлеріне сотталған азаматшаның туыстары ризашылықтарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз