Атырау облысының прокуратурасы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша Басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) 2017 жылы «Электрондық қылмыстық іс» жобасын техникалық қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 406 млн. теңге бөлініп, қылмыстық қудалау органдарын компьютерлік техникамен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Атап айту керек, Атырау облысында қылмыстық қудалау органдары қажетті техникамен жабдықтау деңгейі 100% құрайды (биометриялық саусақ ізі сканері, қол қоюға арналған графикалық стилустар, Веб-камералар мен процеске қатысушыларға арналған қосымша мониторлар). Үш буынды модельді іске асыру шеңберінде Басқарма барлық облыстық аппараттарда, сондай-ақ аудандық прокуратура және полиция бөлімшелеріне бару арқылы, «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде жасақталған келісу функционалы бойынша оқыту жүргізілді.
Сонымен қатар, Комитеттің Атырау облысы бойынша Басқармасымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі бойынша тәулік бойы техникалық сүйемелдеу қамтамасыз етіледі, оның ішінде негізгі процестік шешімдерді электрондық форматта келісуі шеңберінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.
ҚР БП ҚСжАЕЖК-нің Атырау облысы бойынша Басқармасы