«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанынан ашылған аудандық сайлауалды штаб мүшелері 16 адамнан құралған.
«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанынан ашылған аудандық сайлауалды штаб мүшелері 16 адамнан құралған. Олар – аудан тұрғындары арасында лайықты беделге ие денсаулық, мәдениет, білім, ғылым, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.
Штаб жанынан өңірдің жастары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысқан "Jas Otan" Жастар қанатының жас белсенділері, сондай-ақ, жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді. «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей, соның арқасында партия штабындағы жұмыс қазіргі саяси науқан үстінде қызған үстіне қыза түсті.
Әрине, Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантиндік шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болуда. Бірақ осы сын-қатерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету мақсатында бар күш-жігерін жұмсауда.
Партияның мақсаты – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. Бұл «Nur Otan» -ның сайлауалды бағдарламасында айқын көрініс тапқан. Бүгінде партия жақтастары жыл санап артып келеді. Бұл әсіресе бүгінгі саяси науқан кезінде штаб жұмысына қолдау көрсетушілер қатарының көптігінен – ақ көрінеді. Өйткені «Nur Otan» -ның қара халық үшін жасаған жақсылығы ұшан-теңіз.Бір ғана пандемия кезін алалық. 1 929 жуық аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден беріліп, 1 865 мүгедек жандарға, 462 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 462 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 1 043 азаматқа әлеуметтік көмек төленді. Сондықтан халық қолдауына ие болған штаб белсенділері бұл жолы да жоғары белестерді бағындыру мақсатында жұдырықтай жұмылып жұмыс жасап жатыр.
Жансая ӘБДІКӘРІМОВА