Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 21 желтоқсанға ақпарат

21.12.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойыншаАтырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 10 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 4 қазандық, 1 турбина агрегаттары бар). 2 турбина агрегаттары жөндеуде. Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 266МВт. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 3819,7тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2805780м3.

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 7 қазандық агрегаты, 4 турбина агрегаты жұмыс істейді. Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 27,3МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте). 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 130МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 903000м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. 1 турбина агрегаты резервте, 1 турбина агрегаты ағымдағы жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 190МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521