45 жыл түрмеде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың бұйрығымен Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-1579 (ерлер түзету мекемесі) мекемесінде 45 жылдан астам жұмыс істеген Алтынай Суюнгариева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Құрметті атақты ҚАЖ Департаменті бастығы Манарбек ГАБДУЛЛИН табыстады. ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 1975 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарып келе жатырған Алтынай Суюнгариева - өз ісіне жауапты маман. Ол 17 жасында ерлер түзету мекемесіне хаттарды жеткізу және тексеру инспекторы қызметіне орналасып, қазіргі таңда мекеменің кадр бөлімі қызметкері ретінде зейнеткерлікке шығып отыр.

- Алтынай Касанқызы өскелең ұрпаққа үлгі болатын қызметкеріміз. Өйткені бір мекемеге бойжеткен болып жұмысқа кіріп, арада 45 жыл өткеннен кейін еңбегі сінген маман ретінде зейнеткерлікке шығу – ерлік деп ойлаймын. Алтынай Касанқызының еңбек жолы жас қызметкерлерімізге үлгі болып, олар да қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына бар күштері салатынына сенімдімін,-деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек ГАБДУЛЛИН.

Департамен бастығы Алтынай Суюнгариеваға гүл шоқтарын табыстап, Департамент қызметкерлері атынан игі тілектерін арнады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз