Мемлекет басшысының Жолдауда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді жақсы түсінетіні және оларды шешуге нақты бағыт ұсынғаны байқалады. Әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелерінің алдыңғы қатарға қойылуы мен үшін маңызды болды.
Жолдауда экономиканы әртараптандыру туралы айтылған ойлар көңілге қонымды деп есептеймін. Себебі еліміздің тек шикізатқа тәуелді болуы ұзақ мерзімде тиімді емес. Өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту – елдің тұрақты дамуына жол ашады.
Менің ойымша, бұл бағытта нақты нәтижелер болса, жастар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсарады.
Қала тұрғыны
Жаңагүл Тұяқбаева



