Жолдауда елдегі ең өзекті мәселелердің ашық айтылып, нақты бағыттардың көрсетілгені көңілге сенім ұялатады. Әсіресе халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жұмыс орындарын ашу, бағаның өсуін тежеу сияқты күнделікті өмірге тікелей әсер ететін бастамалар маңызды деп ойлаймын.
Қарапайым адам үшін ең бастысы – тұрақты жұмыс, табыстың жетуі, балалардың сапалы білім алуы және қолжетімді медицина. Жолдауда осы салаларға басымдық берілуі дұрыс шешім деп есептеймін.
Жолдауда айтылған тапсырмалар тек қағаз жүзінде қалмай, нақты орындалып, оның нәтижесін халық сезінсе екен деген тілегім бар. Себебі кез келген бастаманың шынайы бағасы – қарапайым адамдардың өміріндегі өзгеріспен өлшенеді.
Қала тұрғыны
Әсел Алдашова




