Мен Жолдауды тыңдай отырып, еліміздің алдағы бағыты айқындалғанын байқадым. Бұл құжат тек жоспар емес, әрқайсымызға қатысты жауапкершілік екенін түсіндім. Өйткені мемлекет дамуы тек билікке емес, қоғамның өзіне де байланысты.
Жолдауда тәртіп, заң үстемдігі, адал еңбек, сапалы білім туралы айтылғаны ерекше әсер қалдырды. Себебі елдің болашағы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, азаматтардың санасы мен мәдениетіне де тіреледі.
Сонымен бірге, қарапайым халыққа ең керегі – тұрақтылық пен сенім. Ертеңгі күнге алаңдамай, балаларымыздың болашағына сенімді болу – басты тілек. Жолдауда жастарға мүмкіндік беру, кәсіпкерлікті қолдау, өңірлерді дамыту жайлы айтылған бастамалар осы сенімді нығайта түседі.
Әрине, халық үшін ең маңыздысы – нәтиже. Айтылған реформалар шынайы жүзеге асып, әділдік орнап, мүмкіндіктер баршаға тең болса, онда Жолдаудың шын мәніндегі құндылығын көреміз.
Қала тұрғыны
Бақтияр Құлбалаев




