Жер – халық игілігі

Жер елдің ең басты байлығы әрі болашақ ұрпаққа аманат. Сондықтан Мемлекет басшысының игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарып, қайта бөлу туралы тапсырмасы – уақыт талабынан туындаған маңызды әрі әділетті шешім.

Жердің иесіз қалуы немесе мақсатсыз пайдаланылуы ауыл шаруашылығының дамуын тежеп қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайына да кері әсер етеді. Ал жерді шын мәнінде еңбек етемін, оның қадірін білемін деген азаматтарға беру – ауылдың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өндірістің жандануына жол ашады.

Бұл бастама жерге қатысты тәртіп орнатып қана қоймай, ел экономикасының тірек саласы саналатын ауыл шаруашылығын жүйелі дамытуға серпін береді. Ең бастысы – жер халыққа қызмет етуі керек. Осы бағыттағы нақты әрі батыл қадамдар қоғам тарапынан толық қолдауға лайық.

Аманай Бисенбеева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT