Жемқорлық – үнсіз жойқын күш

Менің ойымша, заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Заң үстемдік құрған жерде әділдік болады, ал әділдік бар жерде халықтың мемлекетке дегенсенімі артады. Егер заң бәріне бірдей жұмыс істесе, қоғамда теңдік пен қауіпсіздік сақталады. 

Ал жемқорлық – осы жүйені іштен ірітетін еңқауіпті құбылыстардың бірі. Жемқорлық болғанжерде адал еңбек бағаланбайды, мүмкіндіктер әділбөлінбейді. Бұл әсіресе жастардың болашаққадеген сенімін әлсіретеді. Мысалы, емтихандынемесе жұмысқа орналасуды пара арқылы шешубілім мен қабілеттің құнын түсіреді. Соныңсалдарынан қоғамда сенімсіздік пен әділетсіздіккүшейеді. 

Мен жемқорлықпен күресу тек қана мемлекеттікоргандардың міндеті емес деп білемін. Әрбіразамат пара бермеу және алмау арқылы өз үлесінқоса алады. Адалдық пен жауапкершілікотбасынан, тәрбиеден басталады. Егер әр адам өзісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтесе, қоғамда тәртіп орнайтыны сөзсіз.

Қала тұрғыны 

Бержан Мұратбек 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT