Жасанды интеллект – елдің бәсекеге қабілетті дамуының негізгі тетігі

Мемлекет басшысы жолдауында атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның халықаралық аренадағы рөлін күшейтеді.

Бұл бағыттағы жүйелі қадамдар экономиканың жаңа деңгейге көтерілуіне және елдің жаһандық үдерістерге тиімді кірігуіне мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект пен цифрландыру тек экономикалық салада ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және әлеуметтік қызметтер жүйесінде де ауқымды өзгерістерге жол ашады. Ақылды технологияларды енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

Осы тұрғыда 2026 жыл Қазақстан үшін ақылды технологиялар дәуіріне нық қадам жасайтын стратегиялық кезең болмақ. Бұл кезең инновацияларды қоғам мен бизнестің барлық саласына кеңінен енгізуді жеделдетіп, елдің тұрақты әрі бәсекеге қабілетті дамуына берік негіз қалайды.

Құрманбай Серік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT