Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі бағытын айқындайтын маңызды құжаттардың бірі деп есептеймін. Сұхбатта Президент саяси реформалардың мәнін, экономиканы жаңғырту жолдарын және қоғамдағы жауапкершілікті күшейту мәселелерін нақты атап өтті.
Маған әсіресе «Әділетті Қазақстан» құру идеясы ерекше әсер етті. Бұл – заңның үстемдігі, тең мүмкіндік және халықтың билікке сенімін арттыруға бағытталған маңызды ұстаным. Сондай-ақ, сұхбатта азаматтардың белсенділігі мен жас ұрпақтың рөліне назар аударылуы болашаққа деген сенімді күшейтеді.
Президенттің ойынша, жаңғыру тек мемлекетке емес, әр азаматтың санасына байланысты. Бұл пікірмен толық келісемін, себебі елдің дамуы халықтың білімділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Бұл сұхбат Қазақстанның жаңа кезеңге нық қадам басқанын көрсетеді және қоғамды бірлікке, еңбекқорлыққа, жаңашылдыққа үндейді.
Сайлаубай Таласов,
«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының төрағасы



