Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жариялаған жаңа Ата Заң жобасы еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам.
Құжаттың азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде әзірленуі оның ашық әрі әділ үдеріс арқылы дайындалғанын айқын көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бір палаталы Парламент құру бастамасы мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыруға, заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға және қоғам сұранысына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл реформа елдің саяси жүйесін заман талабына сай бейімдеуге бағытталған.
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға жол ашады деп сенемін. Сонымен қатар, жасанды интеллект дәуіріндегі жаһандық өзгерістерге дайын болу үшін саяси және құқықтық негіздерді жаңарту уақыт талабы.Жалпы алғанда, бұл реформа Қазақстанның тұрақты дамуына серпін беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді деп есептеймін.
Аман Болатов




