Жаңа Конституциялық бағыт: үміт пен жауапкершілік

Биылғы конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын күшейтуге бағытталуы тиіс. Әсіресе, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, Парламенттің рөлін арттыру және сот жүйесінің тәуелсіздігін нақты қамтамасыз ету маңызды деп санаймын.

Одан бөлек, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігін кеңейту қажет. Бұл аймақтардың дербестігін арттырып, халықтың шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуына мүмкіндік береді. Әр азаматтың пікірі ескерілетін ашық әрі әділ жүйе қалыптасса, қоғамдағы сенім деңгейі де жоғарылайды. Мен үшін ең маңыздысы – адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Конституция тек заңдар жиынтығы емес, ол – әр азаматтың қауіпсіздігі мен тең мүмкіндіктерінің кепілі. Сондықтан реформа нақты өзгерістерге әкеліп, қарапайым халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы керек деп есептеймін.
Қала тұрғыны Әсел Алдашова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT