Жаңа Конституция – құқық үстемдігін нығайтатын тарихи қадам

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің құқықтық жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған батыл әрі жүйелі қадам. Бұл құжат – тек жекелеген баптарға түзету енгізу емес, тұтас конституциялық трансформацияның көрінісі.

Ең алдымен, жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жариялануы – құқықтық мемлекет қағидаттарын шынайы бекітуге бағытталған маңызды шешім. Адам құқықтары бүкіл мәтіннің мағыналық өзегіне айналуы – декларативті ұстаным емес, нақты құқықтық бағдар.
Конституция жобасында кінәсіздік презумпциясын күшейту, азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тыйым салу, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға жол бермеу сияқты нормалардың нақты айқындалуы – әділетті сот төрелігінің берік кепілі. «Миранда ережесінің» енгізілуі де азаматтардың қорғану құқығын халықаралық стандарттарға жақындатады. Адвокатура туралы арнайы баптың енгізілуі – құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігін арттыратын тарихи жаңалық. Бұл – құқықтық мемлекетте азамат пен мемлекет арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызды құралы. Сонымен қатар, цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норманың Конституция деңгейінде бекітілуі – уақыт талабына берілген нақты жауап. Жасанды интеллект дәуірінде дербес деректердің қорғалуы, цифрлық қауіпсіздік мәселелері негізгі құқықтық кепілдіктердің бірі болуы тиіс. Жаңа Конституция – құқық үстемдігін күшейтетін, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын құжат. Бұл – еліміздің құқықтық эволюциясындағы

Қайрат Жұмағалиев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT