Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің саяси және құқықтық дамуының сапалы жаңа кезеңге қадам басқанын айқын көрсететін маңызды құжат.
Бұл жоба кабинет ішінде ғана емес, кең қоғамдық талқылау арқылы, азаматтардың тікелей қатысуымен әзірленгені ерекше қуантады. Екі мыңнан астам ұсыныстың қаралуы – халық үнінің ескерілгенінің нақты дәлелі.
Жаңа Ата Заңның басты өзегі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалуы. Бұл қағидат Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мазмұнына арқау болған. «Миранда ережесінің» бекітілуі, кінәсіздік презумпциясының күшеюі, адвокатураға арналған арнайы баптың енгізілуі – құқықтық мемлекеттің нақты белгілері.
Сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау нормасының алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілуі – жасанды интеллект дәуірінің сын-қатерлеріне берілген уақтылы әрі батыл жауап деп есептеймін.
Айнагүл Бурашева, Жылыой ауданы тұрғыны




