Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты – ел дамуының қазіргі бағыты мен болашақ бағдарын айқындайтын мазмұнды, терең саяси құжат деуге болады. Сұхбатта Президент елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың мән-маңызына тоқталып, олардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет қалыптастыру екенін нақты көрсетеді.
Әсіресе, басқару жүйесін жаңғырту, заң үстемдігін нығайту, экономиканы әртараптандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сұхбаттың өзегіне айналған. Мемлекет басшысы реформалардың қағаз жүзінде емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірінде сезілуі тиіс екенін атап өтіп, билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың маңызын айқын көрсетті.
Сонымен қатар, сұхбатта ұлттық бірегейлікті сақтау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мәдениет пен руханиятты дамыту секілді құндылықтарға да ерекше көңіл бөлінген. Бұл – жаңғыру тек экономикалық өсіммен шектелмей, рухани жаңарумен қатар жүруі қажет екенін білдіреді.
Жалпы алғанда, бұл сұхбат Қазақстанның даму жолында жаңа сапалық кезеңге өткенін көрсетеді. Мемлекет басшысы ұсынған бағыттар мен бастамалар елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болары анық. Халықтың сенімі мен бірлігі сақталған жағдайда, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге толық мүмкіндік бар.
Жылыой ауданы әкімдігінің жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Нұрдәулет Ақназаров



