Жаңа Ата Заң - жаңа эволюция

Конституциялық реформаны жаңа Конституция қабылдау арқылы жүзеге асыру бастамасын орынды әрі уақыт талабына сай шешім деп бағалауға болады. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастардың түбегейлі өзгеруі Негізгі заңды жаңаша көзқараспен қайта қарауды қажет ететіні анық.

Ұсынылып отырған жоба ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын көрсетеді. Конституция мәтінінің басым бөлігінің жаңаруы  мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі пәрменді түрде қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың кең қоғамдық талқылау қажеттігін көтеруі де бұл реформаның ашық әрі демократиялық сипатта жүргізілуіне жол ашады. Себебі Конституция  тек құқықтық құжат қана емес, ол халықтың еркін, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын ортақ келісім.

        Қазақстан тарихындағы конституциялық өзгерістер мемлекеттің қалыптасу және даму эволюциясын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата Заңды қабылдау бастамасы елдің саяси жаңғыруының заңды жалғасы әрі болашаққа бағытталған сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар.
Әр кезеңдегі Ата Заң сол уақыттың саяси ахуалына, қоғамдық сұранысына және ел дамуының басымдықтарына сай қабылданды. Бүгінде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы да дәл осындай тарихи қажеттіліктен туындап отыр. Бұл бастама биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, әділеттілік қағидатын күшейтуге және азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
        Жаңа Ата Заң арқылы «Есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты іске асыруға жол ашылады. Сонымен қатар, Конституцияның жаңаруы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтық санасын арттыруға серпін береді. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата Заңды қабылдау бастамасы Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды кезеңі ғана емес, келешек ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастыратын стратегиялық шешім деп бағалануы орынды деп ойлаймын.
 
 
    Аудандық  полиция басқармасы Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Айбат Бекмуратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT