Жарияланған Конституция жобасы – Қазақстанның даму бағытын айқындайтын маңызды бастама. Бұл құжаттың кең қоғамдық талқылаудан өтіп, түрлі әлеуметтік топтардың ұсыныстары ескеріліп дайындалуы – реформаның халық мүддесіне негізделгенін көрсетеді.
Бір палаталы Парламент құру туралы бастама саяси жүйені ықшамдап, шешім қабылдау тетіктерін жеңілдетуге бағытталған. Мұндай өзгеріс мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, заң шығару үдерісін заман талабына сай жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл идеяны ұсынған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси құрылымын жаңғырту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа серпін беруді көздейді. Қазіргі технологиялық өзгерістер кезеңінде, әсіресе жасанды интеллект дәуірінде, құқықтық және саяси негіздерді қайта қарау стратегиялық қажеттілік. Сондықтан жаңа Конституция жобасы тек құрылымдық өзгеріс емес, елдің ұзақ мерзімді дамуына арналған кешенді бағдар деп бағалауға болады.Бұл бастама қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Римма Сыдихова




