Менің ойымша, 2026 жылы өтетін конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум — мемлекеттің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды кезең.
Мұндай шешімдердің халықтың тікелей қатысуымен қабылдануы азаматтық қоғамның рөлін арттырып, елдегі демократиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Қазіргі заманда мемлекет пен қоғам арасындағы сенім өте маңызды. Егер ұсынылатын өзгерістер әділеттілік қағидаттарын күшейтіп, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға және азаматтардың құқықтарын қорғауға нақты мүмкіндік берсе, онда бұл реформаның нәтижесі оң болады деп сенемін.
Қала тұрғыны Ұлболған Сүлейменова




