Қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың мемлекетке деген сенімінің артуы ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана әділдік орнап, азаматтардың құқықтары қорғалады.
Соның ішінде Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, адамдардың тең мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді. Ол мемлекетке деген сенімге сызат түсіріп, әділ бәсекелестік пен адал еңбек қағидаттарын әлсіретеді.
Әр адам өз ісінде әділ болса, қоғамда тәртіп те, сенім де нығая түседі. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың азаматтық ұстанымына байланысты.
Қала тұрғыны
Есет Отаралиев




