Заң үстемдігі – басты қағида

Менің ойымша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформалар – елдің дамуы үшін дер кезінде қолға алынған маңызды бастама. Себебі кез келген қоғамның өркендеуі ең алдымен әділ заң мен тиімді басқару жүйесіне байланысты деп есептеймін. 

 Бүгінде халық ашықтық пен әділдікті талап етеді. Сондықтан реформалардың халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталуы – дұрыс қадам. 

 Жалпы, конституциялық реформалардың болашаққа бағытталғаны қуантады. Әділетті Қазақстан құру жолында мұндай өзгерістердің маңызы зор деп ойлаймын. 

                              Қала тұрғыны
                     Айгүл Кариева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT