Заң мен тәртіп – мемлекеттің тірегі

Қоғамда тұрақтылық пен әділеттілік өздігінен пайда болмайды. Ол ең алдымен Заң мен Тәртіпке деген ортақ құрметтен басталады. Соңғы жылдары бұл ұғымдар Қазақстан үшін жай ғана ұран емес, нақты мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып келеді. Ал жаңа Конституция жобасында «Заң мен Тәртіп» қағидатының алғаш рет Ата Заң деңгейінде бекітілуі осы бағыттағы маңызды белес.
Заң бәріне ортақ ереже, ал тәртіп сол заңды күнделікті өмірде сақтау мәдениеті. Егер заң әділ болса, ал тәртіп баршаға бірдей талап етілсе, қоғамда сенім қалыптасады. Азамат мемлекетке сенеді, ал мемлекет азаматтың құқығын қорғауға міндетті екенін ұмытпайды. Жаңа Конституцияда адам құқықтарының басты басымдық ретінде айқындалуы Заң мен Тәртіп ұғымына жаңа мазмұн беріп отыр. Енді тәртіп – қатаңдықпен емес, құқық пен жауапкершіліктің тепе-теңдігімен өлшенеді. Кінәсіздік презумпциясының күшейтілуі, «Миранда ережесінің» енгізілуі, адвокатураның конституциялық деңгейде бекітілуі соның айғағы.
Маңыздысы Заң мен Тәртіп тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл  әр азаматтың ішкі ұстанымы. Заңды сақтау тек жазадан қорқу емес, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну.
 
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT