Уақыт талабына үн қосқан ой

Мен Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұқбатын оқығанда, оны жай ғана саяси мәтін емес, елдің болашағына бағытталған рухани бағдар секілді қабылдадым. Бұл сұқбатта өткенге есеп беруден гөрі, алдағы күнге деген жауапкершілік басым. Сөз арасынан мемлекет тағдырына деген салмақты ой, уақыттың талабын терең сезіну аңғарылады. Президенттің ойы маған елдің жаңа белеске шыққанын емес, сол белесті еңсеруге дайын екенін көрсеткендей болды.

Әсіресе жаңғыру ұғымының тек экономикалық немесе саяси өзгерістермен шектелмей, сана мен көзқарастың жаңаруымен байланыстырылуы көңілге қонымды. Себебі нағыз жаңғыру заңдарда ғана емес, адамдардың жүрегінде басталады. Әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінуі, адал еңбекке, әділетке ұмтылуы — сол жаңғырудың тірі көрінісі. Бұл тұрғыда сұқбат мені «мен осы өзгерістерге дайынмын ба, менің орным қайда?» деген ойға жетеледі.

Бұл сұқбаттан мен бір сенімді байқадым: Қазақстан өз жолын іздеп жүрген ел емес, өз бағытын айқындап, соған батыл қадам жасап келе жатқан мемлекет. Ал сол жолдың табысты болуы тек билікке ғана емес, бізге — қарапайым азаматтарға да байланысты. Жаңғыру — жоғарыдан түсетін бұйрық емес, төменнен басталатын ішкі қозғалыс. Осыны түсінгенде ғана бұл кезең шын мәнінде жаңа дәуірдің бастауына айналмақ.

Жылыой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы

Нұрболат Өрбісінов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT