Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағын айқындайтын, уақыт талабына сай жасалған маңызды стратегиялық құжат. Бұл Жолдау – бүгінгі күннің тынысын дәл танып, ертеңге деген сенімді нығайтатын, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын мазмұнды үндеу. Президент ел дамуының жаңа кезеңінде тұрғанын айқын көрсетіп, қоғам алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдауда әділеттілік, жауапкершілік және тұрақты даму ұғымдары басты өзекке айналған. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына ғана емес, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны анық сезіледі.
Президенттің сөзінен мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға деген берік ұстаным байқалады. Заң үстемдігін сақтау, адал еңбек пен кәсіби жауапкершілікті дәріптеу – Жолдаудың рухани тірегіне айналған құндылықтар. Бұл – қоғам санасын жаңғыртып, ел дамуына әр азаматтың үлес қосуына жол ашатын маңызды қадам.
Қала тұрғыны Абылайхан Зулхашев



