Цифрлық қаржы қауіпсіздігі мемлекеттің стратегиялық басымдығы

Қазіргі заманның қаржылық жүйесі цифрлық активтермен тығыз байланысты. Криптоактивтерге стратегиялық тұрғыда назар аудару – уақыт талабы.

Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру экономиканың жаңа бағыттағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл болашағы зор цифрлық қаржы құралдарынан тұратын стратегиялық крипторезерв қалыптастыруға жол ашады.

Сонымен қатар жаппай цифрландырудың артықшылықтарымен қатар қауіп-қатерлері де бар екенін естен шығармау қажет. Онлайн-алаяқтықтың артуы қаржылық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отыр. Осыған байланысты антифрод орталығының құрылуы, биометриялық сәйкестендіру жүйесінің енгізілуі және қаржы ұйымдарының жауапкершілігінің күшейтілуі – маңызды әрі уақытылы қабылданған шешімдер.

Алайда бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жетілдіруді талап етеді. Құзырлы органдардың үйлесімді әрі жүйелі әрекеті ғана цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.

Қаржау Омаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT