Тәртіп пен жауапкершілік

Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы – адамдардың қауіпсіз әрі тұрақты өмір сүруінің басты кепілі. Тәртіп бар жерде сенім бар. Ал сенім – әсіресе жастар үшін маңызды тірек.

Соңғы жылдары суицид мәселесінің өзектілігі артып отыр. Бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тек жазалау шаралары емес, ең алдымен түсіндіру, қолдау және психологиялық көмектің қолжетімді болуы маңызды.

Әр адам қиын сәтте жалғыз емес екенін сезінуі керек. Отбасының қолдауы, мектептегі тәрбие, қоғамдағы жанашырлық – осындай қайғылы жағдайлардың алдын алатын негізгі күш. Заң мен тәртіп тек бақылау емес, сонымен бірге адамдардың өмірін қорғауға бағытталған жүйе болуы тиіс.

             Қала тұрғыны
       Ерлан Абдырахманов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT