Тәртіп пен тұрақтылық

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін ең басты проблемалардың бірі деп есептеймін. Менің ойымша, жемқорлық тек мемлекеттік қызметшілердің ғана кінәсі емес, сонымен қатар әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Қоғамда ашықтық жоқ болса немесе заң дұрыс орындалмаса, кейбір адамдар өз мүддесін жалпы мүддеден жоғары қояды. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке сенімін азайтып, экономикалық және әлеуметтік дамуға кері әсер етеді. Сондықтан мен үшін жемқорлықпен күрес – қоғамның болашағына жауапты әрбір адамның ісі болып табылады.

 Менің пікірімше, жемқорлықты азайту үшін тек заңдарды қатаң орындау жеткіліксіз. Сондай-ақ қоғамдағы мәдениетті қалыптастыру, адамдардың адалдық пен әділеттілікке деген көзқарасын өзгерту өте маңызды. Егер әрбір адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, әділетсіздіктен аулақ болса, онда мемлекеттегі жемқорлық деңгейі төмендейді.

Заң мен тәртіпті сақтау – қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігінің кепілі, ал жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті. Біз – жастар да, заңға бағыну, әділдік үшін әрекет ету және жемқорлыққа қарсы тұру арқылы өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек сол кезде біздің еліміз әділетті, тәртіпті және дамыған мемлекет бола алады.

Қала тұрғыны Талғат Кәсенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT