Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауларында бұл мәселеге ерекше назар аударып, «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам өмірінің негізгі ұстанымына айналдыру қажеттігін атап өтті. Бұл – жай ұран емес, елдің болашағына бағытталған нақты талап.

 Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік салтанат құрады. Әр азамат өз құқығының қорғалатынына сенімді болады, ал тәртіпке бағыну қалыпты өмір салтына айналады. Өкінішке қарай, кей жағдайда заң талаптарын елемеу, қоғамдық тәртіпті бұзу әлі де кездесіп жатады. Бұл ұсақ құқықбұзушылықтан бастап, ауыр қылмыстарға дейін ұласуы мүмкін. Сондықтан алдын алу шаралары мен құқықтық мәдениетті арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Менің ойымша, «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. Заңды сақтау – жазадан қорыққаннан емес, ішкі мәдениет пен азаматтық санаға негізделуі керек. Осы тұрғыда жастарға құқықтық тәрбие беру, заңды құрметтеуге үйрету аса маңызды. Мектептен бастап адалдық, жауапкершілік, қоғамдық тәртіпке бағыну сияқты құндылықтар саналы түрде қалыптасуы қажет. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының жұмысы ашық әрі әділ болуы шарт. Халық пен полиция арасындағы сенім нығаймайынша, заң үстемдігін толық орнату мүмкін емес. Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар оң өзгерістер байқалады. Профилактикалық жұмыстардың күшеюі, цифрлық технологиялардың енгізілуі, «халыққа жақын полиция» қағидаты – соның айғағы. Дегенмен бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуы тиіс.
      Заң мен тәртіптің сақталуы – экономикалық даму үшін де маңызды фактор. Инвесторлар мен кәсіпкерлер ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен әділ сот жүйесіне мән береді. Ал қарапайым тұрғындар үшін бұл – қауіпсіз аулада өмір сүру, тыныш қоғамда еңбек ету деген сөз. Сондықтан тәртіпсіздікке жол бермеу, заңды бұзғандарға бұлтартпас жауапкершілік қолдану – мемлекеттің басты міндеті.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT